Аймақтар • 27 Ақпан, 2024

Жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында болған оқиғаға қатысы бар жоғары шенді полицей жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды

фото: https://pavlodarnews.kz/

Былтыр Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы аяғы ауыр қызметкерін ұрғаны үшін айыпталған еді. Сондай-ақ бұл жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласының бақылауында болған.  

«2024 жылдың 25 қаңтардағы бұйрыққа сәйкес Орталық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары теріс себептермен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарынан босатылды», деп жауап берді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 13 қазанында Павлодар қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен аталған бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініші келіп түсті. Облыстық полиция департаментінің басшысы Василий Склярдың тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу басталған еді. Оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.