Үкімет • 28 Ақпан, 2024

"Сөмкемнің құны - 250 мың теңге": Министр қымбат брендтегі киімдеріне қатысты сауалға жауап берді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған суреттеріндегі Dolce & Gabbana брендінің көйлегі мен қымбат сөмкелеріне қанша ақша жұмсағаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Сөмкемнің құны - 250 мың теңге": Министр қымбат брендтегі киімдеріне қатысты сауалға жауап берді

БАҚ өкілдері министрден ондай қымбат брендтерден киіну үшін қанша жалақы алу керек екенін сұрады.

- Брендтердің жанкүйерімін деп айта алмаймын. Менің үлкен гардеробым жоқ. Фотодағы сөмке қарапайым қыздардың да қалтасы көтеретін сөмке, бағасы 250 мың теңге. Ал көйлекті өзімнің мерейтойыма еңбек демалысым үшін алған ақшаға сатып алғанмын. Құны есімде жоқ, 800-900 мың теңгенің арасында, – деді А.Әлназарова.

Министр өзінің жаңа қызметтегі жалақысы туралы сұрақты да жауапсыз қалдырмады.

- Мен әлі жалақы алған жоқпын, бірақ көп болады деп ойламаймын, – деді министр.