Фото: gov.kz
Ғалымдардың негізгі жалақысына қосылатын қаражат мөлшері олардың ғылыми дәрежесі мен атағына байланысты болады. Мысалы, доцент атағы бар ғылым кандидаттары қосымша 25 АЕК, профессор атағы бар ғылым докторлары 50 АЕК алады.
Сонымен қатар жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін ғалымдарға ғылыми, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-техникалық сипаттағы жұмыстарды аяқтау үшін бір жылға дейінгі еңбек демалысы беріледі. Осы кезеңде ұйымның өз қаражаты есебінен орташа жалақы сақталады. Қызметкердің кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі болған жағдайда шығармашылық еңбек демалысы он жылда бір рет беріледі. Мұндай демалысты аяқтағаннан кейін ғалымдар осы ұйымда кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.