Спорт • 02 Наурыз, 2024

Әбиба Әбужақынованы алтынға жеткізбеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде дзюдошы Әбиба Әбужақынова финалда сүрініп қалды. Басты жүлдеге бір табан қалғанда алтынды ресейлік спортшы жұлып кетті, деп жазады Egemen.kz

Әбиба Әбужақынованы алтынға жеткізбеді

Фото: prosports.kz

48 келіге дейінгі финалда Әбужақынова ресейлік Сабина Гилязоваға қарсы бақ сынады. Финалда жеңілген ел спортшысы күмісті місе тұтты.

Алайда, халықаралық турнирлерден қатарынан қола қанжығалаған Әбиба Әбужақынова күміске қол созып, бұл жолы жеке көрсеткішін жақсартты.

Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан турнирде Қазақстан намысын 25 спортшы қорғайды.