Аймақтар • 03 Наурыз, 2024

Шәмші әндері шырқалды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыс­тық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құ­рылған «Ағайын» қазақ мәдени қоғамдық бірлестігі «Шәмші әлемі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

Шәмші әндері шырқалды

Достық үйінде өткен ма­ғыналы іс-шараға өңірдегі этномәдени қоғамдық бірлестік­тердің төрағалары мен мүше­лері, «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі филиалы, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы қатысты. «Ағайын» бірлестігінің жетекшісі Арман Биғалиев «Алғыс айту» күні қар­­саңында қойылған концерт бағ­дарламасында достық тақы­рыбына көңіл бөлген екен.

Сахнада халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдая­қовтың «Кешікпей келем деп ең», «Сыған серенадасы», «Қайықта», т.б. әндерінің дүниеге келу тарихынан сахналық қойылым көрсетілді. Концерт барысында Шәмшіні көрген жандардың бейне естелігі және композитор әндерінен бейнероликтер көр­сетілді.

 

Батыс Қазақстан облысы