Қылмыс • 03 Наурыз, 2024

Қылмыскерді құрықтады

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде полиция қызметкерлері жас жеткіншекті аңдыған ер адамды қолға түсірді. Оны ұстау кезінде күдікті тәртіп сақшысына пышақ жарақатын салған.

Қылмыскерді құрықтады

Фото: polisia.kz

29 ақпан күні полицияға қоңы­рау шалған 13 жастағы қыз өзін белгісіз ер адам артынан аңдып жүргені туралы хабарлайды. Ол бір дүкенге кіргенін, сыртқа шығуға қорқатынын, полиция келгенше сонда күтетінін айтады.

Оқиға орнына дереу жеткен учас­келік полиция инспекторлары супер­мар­кеттің жанынан күдікті адамды байқап, мән-жайды анықтауға ты­рысқан. Бірақ жігіт қолындағы пы­ша­ғымен тәртіп сақшыларына қарай жүгірген. Учаскелік полицейлер дүкен маңында адамдар көп екенін, оларға да зияны тиіп кетуінен күдіктеніп, оны басқа жаққа әкету керек екенін түсінеді. Сол арада рациямен көмек шақырып, патрульдік поли­ция экипажы дереу оқиға
орнына келді.

Заңсыз әрекеттің жолын кесу үшін қыз­меттік көліктен шық­қан кезде пат­рульдік полицей Асхат Аха­товқа кү­дікті пышақ жара­қа­тын салған. Бірақ соған қара­мас­тан, жараланған қыз­мет­кер әріп­тес­те­рі­мен бірге жекпе-жек әдіс­те­рін қолданып, қылмыскерді ұс­та­ды. Ба­сы­нан үш рет жарақат ал­ған полиция қызметкері ауруханаға жет­кі­­зі­ліп, оған медициналық көмек көр­­се­тілді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты полиция қызметкерінің өміріне қол сұғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.