Спорт • 04 Наурыз, 2024

Қуат Хамитов 64 қарсыласын жеңген чемпионмен төбелеседі

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) үн қатты, деп жазады Egemen.kz.

Қуат Хамитов 64 қарсыласын жеңген чемпионмен төбелеседі

Vesti.kz сайтының мәліметінше, спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

- Челябіде көрісеміз, чемп, - деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі стористе.

Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрлығалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты.12 жеңіс нәтижесі бойынша, ол Bellator гран приін екі рет иеленді, орта салмақта чемпион атанып, оны үш рет қорғады.