Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Павлодарлық оқушылар бизнес жобаларын таныстырды

131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодардағы Оқушылар сарайында «Bala business» байқауының облыстық туры өтті. 5-11 сынып оқушылары қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және бизнес саласындағы өздерінің бизнес-жобаларын ұсынды. Облыстық турға барлығы 33 қатысушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарлық оқушылар бизнес жобаларын таныстырды

Микрожасылдарды өсіру және сату, зергерлік бұйымдар жасау жобалары, қызмет көрсету, өндіріс, сауда, қоғамдық тамақтандыру және ойын-сауық салаларындағы бизнес жобалары үлкен қызығушылық тудырды.

Оқушылар «Кәдесый сағаттар жасау», «2-5 жас балаларына арналған дамытушы ойындар», «Үй жағдайында табиғи шөптен емдік сабын дайындау», өз суретіңізбен бұйымдар жасау үшін «kirart» интернет-дүкенін ашу атты жобаларын ортаға салды. Байқау мектеп оқушыларының өмір сүру сапасын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бизнес жобаларын анықтауға және одан әрі дамытуға ықпал етеді.Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша «Bala business holiday» жас кәсіпкер мектебінде оқитын жас кәсіпкерлер командасы құрылады. Құрылған команда үшін оқыту бағдарламасы дайындалды, онда қатысушылар бизнес-тренерлерден, жаттықтырушылардан тренингтер өтіп, өңірдің жетекші бизнесмендерінен қолдау ала алады. Өз Start-up-жобаларын жүзеге асырған студенттер тартылады.

Менің жобам «Микрожасыл өсімдіктерді өсіру» деп аталады. Әрбір өсімдікте көптеген дәрумендер мен пайдалы қасиеттер бар. Ол әртүрлі аурулармен күресу үшін қолданылады. Мысалы, шалғам ас қорыту қабілеті нашар адамдар үшін пайдалы, ал шпинат холестерин деңгейін төмендетеді. Егер сіз өскіндерінде құнды дәрумендер бар бидай, сұлы, арпа өсіретін болсаңыз, гидропоникалық әдіспен үй жануарларына азықпен қамтамасыз еткенде шығыны аз болады, сонымен бірге азықтық қуаттылық жағынан құнды болады, - дейді Болат Мансұр, Ертіс ауданы, Ұзынсу ЖОМ-нің 7 сынып оқушысы.

Жобы ұйымдастырушысы, әдіскер - Аксана Фриктің айтуынша, басты мақсат – кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту.

Мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыру үшін оқу үдерісіне тәжірибесі мол кәсіпкерлерді тарту қажет. Біздің жобаның жеңімпаздары «Кәсіпкерлік негіздерін» оқып, бизнесті ұйымдастыруды үйренеді. Осы сәтті пайдаланып, кәсіпкерліктің қыр-сырына қанып, жаңа бастаған кәсіпкерге қажет қасиеттерді алуға мүмкіндік бар, - дейді ол.