Бокс • 04 Наурыз, 2024

Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасына жақындай түсті

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген боксшы Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасын жеңу жолында жарысқа шықты. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел спортшысы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz

Махмұд Сабырхан Олимпиада жолдамасына жақындай түсті

Фото: ҰОК

Махмұд Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесаны 5:0 есебімен жеңді.  

kaz.inform.kz хабарлағандай, енді ол келесі айналымда таиландтық Саравут Суктхетке қарсы шаршы алаңға шығады.

Айта кетсек, әзірге төртжылдықтың басты бәсекесіне жолдама үшін күрес отандық арналардан көрсетіліп жатқан жоқ.

«Qazsport» телеарнасы бокстан әлемдік лицензиялық турнирді тікелей эфирде 8 наурыздан бастап көрсетілетінін хабарлады.