Есірткі • 05 Наурыз, 2024

Ақтауда шетелдіктердің асқазанынан бір келі есірткі анықталды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «жұтқыштар» деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда шетелдіктердің асқазанынан бір келі есірткі анықталды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау қаласының халықаралық әуежайында биылғы жылдың 21 ақпан күні Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.          

«Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтетикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды», деп хабарлады ведомстводан.

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды. Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.  

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», деп қосты ведомство өкілдері.