Көрме • 06 Наурыз, 2024

Ең тәтті көрме

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында тұңғыш рет тәтті тағамдар көрмесі өтті. Көрмеге 40-тан астам жергілікті кәсіпкер қатысып, келушілерге өз өнімін ұсынды.

Ең тәтті көрме

Суретті түсірген – Оксана КАТКОВА

– Осынау ерекше фестивальды біз халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында әрі Қа­зақ­стан Республикасы Прези­денті жа­нындағы Әйелдер істері және отбасылық-демо­гра­фия­лық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияның құрылға­нына 25 жыл толуына орай арнайы ұйым­дастырып отыр­мыз, – дейді Ба­тыс Қазақстан об­лыстық іскер әйел­дер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова.

Көрмеде талғампаз тәтті­құ­мардың да көңілінен шығатын неше түрлі өнім қойылған екен. Әртүрлі шоколад-кәмпиттер, торттар мен тәтті печеньелер, жент, құрт, ірімшік секілді ұлт­тық тағамдар да көп болды. Әр кәсіпкер өз өнімінің қалай жа­­са­ғанын, құрамында не бар еке­нін өзі айтып беріп, сауданы қыздырып жатты.

пвр

– Біздің қаламызда тәтті өнім дайындайтын қыз-келіншек өте көп. Бүгінгі көрмеде жент, құрт секілді ұлттық тағамдарды жаңа форматта ұсынып отырған шеберлерге ерекше риза болдық. Бұл да жақсы үрдіс. Осындай кәсіпкерлер бір-бірімен танысып, өзара тәжірибе алмасып тұруы үшін, өнімдерді насихатау үшін мұндай көрмелер жиі өтіп тұруы аса қажет, – дейді Орал қала­сы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев.

Көрмеге қойылған өнімдер кез келген дастарқанның көр­кін арттырып қана қоймай, таза табиғи шикізаттан жасалған­дықтан, денсаулыққа да пайдалы болып шықты. Мысалы, Теректі ауданынан келген «Темірғалиева» ЖК-ның жетек­шісі Аякөз Темірғалиева кон­дитерлік өнім шығарумен 5 жылдан бері айналысады екен. 2022 жылы 1 млн 225 мың теңге грант ұтып, ол қаржыға тоңазытқыш және басқа да құрал-жабдық сатып алған кәсіпкер шоколадқа малынған құлпынай, анар және макаронстар жасайды. Бұл үшін тек табиғи өнімдерді пайдаланады. «Бұған дейін аудандық көрмелерге қатыстым. Облыстық іс-шараға алғаш рет келіп отырмын. Мұндай көр­мелер өзіміз секілді кәсіпкер­лер­мен танысып, тәжірибе ал­масуға мүмкіндік береді» дейді кәсіпкер.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50