Оқиға • 07 Наурыз, 2024

Алты жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны Қорғалжыннан табылды

10997 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінен алты жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны дін аман табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алты жыл бұрын жоғалып кеткен Астана тұрғыны Қорғалжыннан табылды

Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысының полиция қызметкерлері Қорғалжын ауданы Шалқар кентінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында із-түссіз жоғалған 40 жастағы елорда тұрғынының қайда екенін анықтады.

Ер адамның әпкесі 2018 жылдың 8 шілдесінде оның жоғалып кеткенін хабарлаған. Әйел оның үйден шығып кеткенін және содан кейін оралмағанын айтты. Ер адамды іздеуге Астана полициясы мен облыстық полицейлер қатысты.

Ұзақ іздеуден кейін ол мемлекетаралық іздеуге де берілген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ер адам бірнеше ай бұрын Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Оның неліктен ұзақ уақыт бойы үйге оралмағаны әлі белгісіз.