Бокс • 07 Наурыз, 2024

Олимпиадаға жолдама: Жайна Шекербекова нокдаун алды

747 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы сапынан Жайна Шекербекова жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға жолдама: Жайна Шекербекова нокдаун алды

Фото: ftp.sports.kz

Олимпиада жолдамасы үшін шаршы алаңға шыққан Жайна Шекербекова нигериялық қарсыласына есе жіберді. 

Бәсеке тартысты өтті. Шукура Карим өзінің оңай шағылатын жаңғақ емес екенін раунд басынан аңғартты. Екінші раундта Жайна Шекербекова нокдаунға түсіп қалды.

Осылайша ол алғашқы айналымнан әрі аса алмады.