Ауа райы • 07 Наурыз, 2024

Синоптиктер ескерту жасады: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер ескерту жасады: 8 наурызда ауа райы қандай болады?

Фото: Inbusiness.kz

Маңғыстау облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Ал Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Бас қала Астанада түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр.

Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады. 

 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да тұман түседі.

Абай облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жел соғып, екпіні 15-20 метрге жетеді.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қостанай облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.