Аймақтар • 07 Наурыз, 2024

Құқық қорғаушы арулар марапатталды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полициясында 449 қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың арасында 4 полковник және түрлі деңгейдегі 20 басшы бар. Бұлардан басқа,  құқықты қамтамасыз етуде 58 әкімшілік мемлекеттік қызметші, 172 азаматтық қызметкер мен ерікті жалдамалы қызметшілер жұмыс істеп келеді.

Құқық қорғаушы арулар марапатталды

Фото автордан

Бүгін әйел қызметкерлердің бәрін облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов құттықтады. «Осы залда біздің арамызда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайлары мен туыстары да отыр. Қайғыға мойымай ұрпақ тәрибелеп, олардың бойларына Отанға деген махаббатты сіңіріп жатқан Сіздерге де алғысымыз шексіз», деді полиция полковнигі Қабдұлдинов. Сондай-ақ ол жас қызметкерлерге тәжірибелерін үйретіп жүрген ішкі істер органдарының әйел ардагерлеріне де алғысын айтты.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып жүргені және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін бірқатар қыз-келіншектерге полиция ведомствосының бастығы ІІМ-нің құрмет грамоталарын, грамоталар мен алғыс хаттарын табыс етті. Соның ішінде Тайынша ауданы полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлінісінің инспекторы Аяна Бағылова «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен, ал облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Наталья Ковецкая «II дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шара ПД мәдени орталығындағы вокалдық топтың концертімен аяқталды. Погондағы әртістер жаңа лирикалық және патриоттық композициялар мен хитке айналған әндерді орындады.