Жемқорлық • 08 Наурыз, 2024

10 млн теңге көлемінде пара алған әкімнің ісі сотқа жетті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара алды деген күдікпен ұсталған Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкіровке қатысты іс қалалық сотқа берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 млн теңге көлемінде пара алған әкімнің ісі сотқа жетті

Алғашқы сот отырысының күні белгіленді.

Шапағат Момынбайұлы Әубәкіровке қатысты қылмыстық іс Сәтбаев қалалық сотына 1 наурызда түскен. Бірінші сот отырысы 11 наурызға белгіленген.

Оған ҚР ҚК-нің 366-абы 2 -бөлігі бойынша айып тағылып отыр.

Бұл күні сот отырысында сонымен қатар қала басшысына пара берген адамға да қатысты іс қарастырылады. ҚР ҚК 36-бабы 2-бөлігі бойынша сот алдында Досбол Мейірбек жауап береді.

Еске салсақ, 14 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкір 10 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталғанын хабарлаған болатын.