Егемен Қазақстан • 07 Наурыз, 2024

Ұжым аруларын құттықтады

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақ газеттері» серіктестігінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Шаттықты іс-шара ұжым басшысы Дихан Қамзабекұлы және орынбасары Владимир Курятовтың алғы сөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Кешті Жәнібек Әлиман мен Әсет Сыздықов жүргізді.

Ұжым аруларын құттықтады

Көктемнің жұпарын жү­рекке жұқтырған бұл мерекенің мәні де, маңызы да зор. Қай кезде де шан-шараф, ізет-құрметке лайық болса да, бұл күні нәзік жандыларға ерекше сый-сияпат көрсетіледі. Осы дәстүрмен салтанатты іс-шара ханымдардың бәріне гүл сыйлаудан бастау алды.

пре

Кештің басты жаңалығы – журналистер Абай Аймағамбет, Елік Әскербекұлы және Абзал Мақаштың орындауындағы «Әнге сал» әні болды. Қара­көздердің мәртебесін әнмен әуелеткен жігіттерге халықтың ризашылығы ерекше болды. Ал мерекелік ойын концертті одан сайын қыздыра түсті.

Батырхан Сәрсенхан мен Сәндібек Асанәлі өзде­рінің өлеңдерін оқып, аруларды құт­тықтады.

пр

Кеш соңында Шыңғыс Мұ­қаев гитарамен әуелете ән шыр­қап, көрермен қауымды те­бірентті.

«Көктемнің гүліндей құл­пырып, әсемдіктің, әдеп­тілік­тің, әдеміліктің иесі болып бақытты да баянды ғұмыр кеші­ңіздер. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілейміз. Көңіл­деріңізден көктем көш­песін, құр­метті арулар!», деген ті­лек­пен салтанатты іс-ша­раны қоры­тындылады ұжымның жігіттері!