Оқиға • 10 Наурыз, 2024

«Әйелін өлтірген». Ақмола облысында оқушы қауіпті қылмыскерді жалғыз ұстаған

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, 15 жастағы Мирас Шаймерденов аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстап, ІІМ қызметкерлеріне тапсырған. Өңірдегі полиция басқармасы Мирастың ерлігін елеп, марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

«Әйелін өлтірген». Ақмола облысында оқушы қауіпті қылмыскерді жалғыз ұстаған

Фото: Ақмола облысы ПД

Әйелін өлтіргені үшін іздеуде жүрген қылмыскерді Мирас Шаймерденов отбасына тиесілі территорияда байқап қалған. Әуеліде оның кім екенін білмеген. Олардың ауласынан кетуін талап еткенде масаң күйдегі ер азамат оған қарсы агрессивті әрекетке көше бастаған. 

Мирас полицияға хабарласып, жағдайды баяндап, түр-әлпетін сипаттағанда ІІМ өкілдері оның қауіпті қылмыскерге ұқсайтынын, іздеуде жүрген күдікті болу ықтималдығы жоғары екенін айтқан. 

Ал Мирас күдіктіні жалғыз өзі ұстап, полиция келгенше ұстаған.

Оқушының осы батылдығын басқарма бағалап, бренд футболка, бейсболка, арнайы сағатты полиция полковнигі Нұрсұлтан Мукашев табыстады. Ал анасы  Гүлзат Шаймерденова ержүрек ұл тәрбиелегені үшін марапатталды.

 АА