Құқық • 11 Наурыз, 2024

Кәсіпкерлер қолдауды сезінуге тиіс

119 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына қоятын басты талабының бірі – отандық бизнесті қорғау. Осыған орай Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласына талдау жүргізіліп, қылмыстық-құқықтық тәжірибенің жүйелі проблемалары анықталды.

Кәсіпкерлер қолдауды сезінуге тиіс

2022 жылы Бас прокурор жергілікті деңгейдегі барлық прокурорға, сондай-ақ елдің құқық қорғау органдары басшыларына кәсіпкерлерді заңсыз қудалауға жол бермеу жөнінде нұсқау бергені белгілі. Нұсқауға сәйкес кәсіпкерлерге өзіне қатысты үкім шыққаннан кейін де одан әрі шағымдану құқығы, сонымен бірге тиісті тексеру нәтижелері туралы актімен танысу мүмкіндігі берілді. Мұндай тәртіп 2023 жылы Қызылорда облысы кәсіпкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тіркеу фактілерінің санын екі есеге азайтуға септігін тигізді.

Бұл өзгерістердің нақты мысалдарына тоқталсақ, облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері кәсіпкерлік субъек­тілеріне қатысты қоз­ға­лып, бірнеше жыл көле­мін­де шешімін таппаған 45 қыл­мыстық істі анықтап, бар­лығын ақтау негіздерімен тоқ­татты. Қылмыстық қудалау орга­ны­ның 2 кәсіпкердің шетелге шығуын шектейтін заңсыз шешімі анықталып, жойылды. 3 кәсіп­кер­дің мүлкі тыйым салудан боса­тылып, шектеулер алынып тас­талды.

Кәсіпкерлік қызметке ке­дер­­гі жасау фактісі бойынша 1 қылмыстық іс қозғалып (Қылмыстық кодекстің 365-ба­бы), тергеу нәтижесінде сот­қа жолданды. Кінәлі адамға қа­тысты сот үкімімен 3 жыл бас бос­тан­дығын шектеу жазасы бекітілді.

Жуырда Қызылорда облысында бизнесті заңсыз қудалаудан қорғау бойынша дөң­гелек үстел өтіп, онда про­ку­рор­лардың осы бағытта атқарған жұ­мыстары, кәсіпкерлік субъек­тілерін бақылаушы және құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз қысым жасаудан одан әрі арашалау жөніндегі проблемалық мәселелер тал­қы­­ланды. Күн тәртібіндегі мәсе­лелерді талқылауға соттар, күш құрылымдары және бір­қатар мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер пала­тасының директоры атынан облыстың бизнес қоғам­дас­ты­ғы­ның өкілі қатысты.

Облыс прокуроры Р.Ожаров құқық қорғау және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының назарын кәсіпкерлердің құқықтарына кедергі келтіретін, шектейтін шешімдер мен әрекеттерге аударды. Сонымен қатар ол мемлекеттік органдар тарапынан осы бағыттағы бірлескен күш-жігердің айқын болуы және кәсіпкерлер өз тарапынан қолдауды тұрақты негізде сезінуге тиіс екенін атап өтті.