Әлем • 10 Наурыз, 2024

Палестина-Израиль дағдарысын шешу жолы

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан 1967 жылғы шекарада Палестина мемлекетін құру ұстанымынан айнымайды. Бұл жөнінде Палестинадағы жағдайға арналған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясы барысында Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу арнайы мәлімдеді.

Палестина-Израиль дағдарысын шешу жолы

Фото: visitukraine.today

Сессия жұмысына ИЫҰ ел­де­рінің, оның ішінде Сауд Ара­бия­сы, Кувейт, Қатар, Иор­дания, Иран, Түркия, Марокко сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. СІМК барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Газа сек­торында атысты дереу тоқтатуға шақырды және Палестина-Из­раиль дағдарысын тезірек шешу қажет­ті­гін алға тартты.

Мұрат Нұртілеу Газа сек­то­рын­­дағы ұзаққа созылған гу­ма­ни­тар­лық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді. Одан шығудың бірден-бір жолы әскери іс-қимылды жақын арада тоқтату екендігін алға тартты. Өңірдің бүкіл халқы үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жолында күш-жігерді біріктіруге, кү­шейтуге шақырды. Бұл алдағы қа­сиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше маңызды екендігін атап өтті.

Сөйтіп, Сыртқы істер ми­нистр­­лігінің баспасөз қызметі хабар­лағандай, «Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы көп­жылғы қақтығыстың жалғыз ше­шімі ретінде БҰҰ бекіткен «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде 1967 жылғы шекарада Палестина мемлекетін құру бойынша Қазақстанның өзгермейтін ұстанымын растады».

Іс-шара мұсылман елдерінің Па­лестина халқымен үндестігін және қақтығысты тезірек тоқта­ту үшін белсенді әрекет етуге ынталылығын, ұмтылысын көр­сетті.