Қоғам • 11 Наурыз, 2024

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

Фото: Мухтор Холдорбеков

Алдын ала тыңдау барысында күдікті Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты. Ол, сондай-ақ негізгі сот отырысын алқабилер мен БАҚ өкілдерінің тікелей қатысуымен өткізуді сұрады.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінді. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар Қуандық Бишімбаевтың туысы Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы бойынша (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы анық хабарламау) айыпталып отыр.