Қылмыс • 11 Наурыз, 2024

2793 мүйіз тәркіленді

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі мен Экология және табиғи ресурс­тар министрлігі бірлесіп, биоресурстарды сақтау және флора­ мен фауна нысандарын заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесу мақсатында жыл сайынғы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

2793 мүйіз тәркіленді

Іс-шара барысында 8 мың­нан астам аумақ тексеріске алын­д­ы. Олардың қатарында аңшы­лық және балық аулау нысандары, ормандарды мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мем­лекеттік мекемелердің ау­мақ­­­тары, сондай-ақ ерекше қор­­­ға­латын табиғи аумақтар бар.

Осылайша, бір айда табиғат қорғау заңнамасын бұзған 4 мың­нан астам дерек анықталды. Оның ішінде жануарлар дүниесі сала­сында – 2906 факт, балық шаруа­шылығы саласында – 621, орман шаруашылығы саласында – 25, жер қойнауын пайдала­ну саласында – 2, басқа да сала­лар­да 709 факт тіркелді. Сондай-ақ 4 мыңға жуық заң бұзушы ұсталып, заңсыз балық аулаумен айналысқан 11 адамнан тұратын ұйымдасқан қыл­мыстық топтың қызметі тоқта­тыл­ды. Заңсыз айналымнан 13 700 метр тыйым салынған ба­лық аулау торы, 3,5 тонна ба­лық және балық өнімдері, 2793 ақ­бө­кен мүйізі, 188 түрлі құрал тәр­кі­ленді.

Сотқа дейінгі 86 тергеу бас­талып кетті. Мысалы, Қара­ған­ды облысындағы Балқаш көлі­нің су айдынында полиция қыз­меткерлері заңсыз балық аула­ған ер адамды ұстады. Ол мұз асты­на 300 метрлік ау құрып, әрқай­сы­сының салмағы 55 кило болатын екі қап балық аулап үлгер­ген. Табиғатқа кел­ті­рілген залал көле­мі 397 мың тең­гені құрады. Балық ресурс­тарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алматы облысында «Сор­бұ­лақ» жасанды көлінің аума­ғын­­да тәртіп сақшылары 11 адам­нан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олар тыйым салынған балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулаған. Жеңіл олжаға кенелгісі келген азаматтардан 1 тоннаға жуық балық, түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді.

Табиғатты қорғау полициясы бекі­тілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске сала­ды. Аңшының қолында мем­­лекеттік бажды төлеу бел­гісі бар аңшы куәлігі, аң аулау­ға рұқ­сат, аңшылық шаруа­шы­лы­­ғы субъектісінің жолдамасы, аң­шы­­­лық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуға тиіс.