Қоғам • 12 Наурыз, 2024

Бурабайдағы бизнесті бақылауға алмақ болған 2 тұрғын ұсталды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 27 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен бопсалау күдігі бойынша Ақмола облысының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайдағы бизнесті бақылауға алмақ болған 2 тұрғын ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Тергеу материалдары бойынша, олар шетелдік «заңдағы ұрылар» деп аталатындардың қамқорлығымен кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан, осылайша «Бурабай» курорт аймағының бизнес субъектілеріне қылмыстық бақылау орнатуға тырысқан. Тінту барысында іс фигуранттарынан атыс және суық қару, сондай-ақ есірткі заттары алынды», делінген хабарламада. 

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ж