Фотогалерея • 12 Наурыз, 2024

Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы ашылды

469 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжанның Физули қаласында қазақтың дәулескер күйшісі Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Физулиде Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығы ашылды

Фото: akorda.kz

р

а

Заманауи инновациялық орталық Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандықтардың атынан бауырлас әзербайжан халқына гуманитарлық тарту ретінде қысқа мерзім ішінде салынды.

п

Орталықтың ашылу салтанаты барысында Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ халқына алғыс айтып, ыстық лебізін жолдады.

«Орталық қазақ халқының ұлы перзенті Құрманғазының есімімен аталды. Бұл тек балалардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, Қазақстан мен Әзербайжанның достығы мен бауырластығын айшықтайтын орталық болады. Біз бұл тартуға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды», деді Ильхам Әлиев.

о

Ғимараттың іргетасы былтыр наурыз айында қаланған болатын. Нысанды жобалау жұмыстары үш айдың ішінде жасалып, құрылысы 9 айда аяқталды.

шг

1,5 гектар аумақта орналасқан орталықтың жалпы ауданы – 2700 шаршы метр. Екі қабатты ғимаратта 600 баланың бірнеше ауысыммен мектептен тыс білім алуына барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда дәріс залы, шахмат, аспаз кластары, көркемөнер және мүсін студиясы, хореография және спорт залдары, дыбыс жазу кабинеті, музыка және вокал класы, фото-бейнемонтаж, веб-дизайн және роботты техника кабинеттері, акт залы, 3D-модельдеу класы бар. Орталықта IT-cтартаптарға және Әзербайжанның ұлттық мәдениетіне, соның ішінде кілем тоқу өнеріне айрықша мән берілген.

р

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық ұжымына Құрманғазы домбырасының көшірмесін, сондай-ақ білім ошағының тәрбиеленушілерін таситын автобусты сыйға тартты.