Қоғам • 13 Наурыз, 2024

«Тыныштық сақтауды сұраймыз». Қорғаныс министрлігі үндеу жасады

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде Астана қаласының маңында әскери техника жүріп өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Тыныштық сақтауды сұраймыз». Қорғаныс министрлігі үндеу жасады

Фото: Қорғаныс министрлігі

Құзырлы орган тұрғындарға жағдайды бұрмалап, жалған ақпарат таратпауды сұрады. 

«Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 13 наурыз күні Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды. Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған», деп мәлімдеді министрлік.

Жауынгерлік дайындық жүргізу кезінде елорда маңында, Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.

«Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», делінген хабарламада.

щщ

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03