фото: alashorda.kz
Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Түркістан, Жамбыл таулы аймақтарында, оңтүстікте, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі.
Тек батыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауады, оңтүстікте, орталықта көктайғақ болады. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында және шығысында шаңды дауыл тұрады», делінген хабарламада.