Заң • 14 Наурыз, 2024

Алаяқтар келтірген шығынды өтеу керек - Жоғарғы Сот

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшының жергілікті соттардың негізсіз баю сомасын өндіру бойынша істі қарады, деп жазады Egemen.kz.

Алаяқтар келтірген шығынды өтеу керек - Жоғарғы Сот

Фото: Жоғарғы Сот

Іс барысында жәбірленуші әйел белгісіз тұлғалардың нұсқауымен несие рәсімдеп, кейін өз пәтерін басқа адамға арзандатылған бағамен сатып, алған ақшасын жауапкерлердің карточкалық шоттарына түгел аударып жібергені анықталды. 

Сот алқасы негізсіз баю ниетімен заңсыз әрекет жасаған 4 адамды тапты.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі істің мән-жайын былай түсіндірді:

«Сот алқасы анықтағандай, пәтерді сату алдында талап қоюшыға белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкері ретінде деп таныстырып, белгісіз біреулер оның пәтерін иемденбек болғанын айтқан.

Артынша талап қоюшыға өзін Ұлттық банктің маманы деп таныстырған басқа адам қосылған. Осылайша, әйел екінші деңгейлі банктерден қарызға қаражат алуға өтініш жазып, кейін ақшаны жауапкерлерге аударған.

Осы тұлғалардың ықпалымен талап қоюшы өз пәтерін сатып жіберген. Түскен қаржы жауапкерлердің бірінің есеп-шотына жіберілген».

Нәтижесінде Азаматтық кодекстің 953, 960-бабына сәйкес сомманы бастапқы тұлғаға қайтару міндеттелді.