Спорт • 14 Наурыз, 2024

Ел чемпионы атанды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ересектер арасында «Муай-тай» спорттық жекпе-жегінен өткен ел чемпионатында 5517 әскери бөлімінің қызметкері Әли Нәсіпқалиев чемпион атанды. Бұл жөнінде Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Ел чемпионы атанды

Сайысқа еліміздің 11 аймағы­нан келген 110 тайбоксшы қатыс­ты. Олардың арасында Азия, Еу­ропа, Әлем чемпионатының жеңім­паздары мен жүлдегелерлері де бар еді.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының муай-тай федерациясының пре­зиденті Фархат Аманқұлов осы жарыстың жеңімпаздары мамыр айында Грекия елінде өтетін әлем чемпионатына қатысатыны, болашақта муай-тай спортының олимпиада ойындарына қосы­латыны туралы айтқан еді.

Жарысқа Орал қаласында орна­лас­қан 5517 әскери бөлімі аты­нан барып, 91 кило салмақта жеңім­паз болған Әли Нәсіпқалиев жүлденің оңай келмегенін айтады:

– Муай-тай – физикалық тұр­ғыдан көп дайындық талап ететін спорт. Жеңістің қай-қайсы­сы да оңай келмейді ғой. Осы кезге дейін талай жарақат алсам да, табан­дылықпен алға ұмтылып келемін. Қарсыластарым да осал емес, әрқайсысы өз аймағынан келген чемпион. Әсіресе финал­дық жекпе-жек қиын болды. Та­бан­дылық пен тәжірибе арқасында ел чемпионы атандым. Енді әлем чемпионатына дайындығымды бас­таймын, – дейді Әли.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50