15 Маусым, 2010

БІРГЕМІЗ – БЕРІК ІРГЕМІЗ

869 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Өткен сенбі, яғни 12 маусым күні Алматы облыстық “Жасыл ел” штабының ұйымдастыруымен “Уақыт өнбес тірліксіз, бақыт келмес бірліксіз. Жастар қызыл­ағаш­тықтармен бірге” атты акция өткізілді. Акция аясында “Жасыл елдің” 60 еңбек жасақшысы Қы­зылағаш ауылындағы 15200 түп ағаш көшетін суарып, тазалық жұмыстарын жалғастырды. Тас­қыннан зардап шеккен аймақты көгалдандыру мен көріктендіру мақсатында отырғызылған бұл ағаш көшеттері қазіргі кезде тір­шілігі қайта жанданған ауылмен бірге көгеріп, көктеп келеді. Жа­сыл­елдіктер бұдан басқа құрылыс, саябақты қоршау жұмыстарына да белсене араласуда. “Нұр Отан” партиясы мен “Жас Отан” жастар қанатының, “Жасыл ел” жастар еңбек жасақ­тары республикалық штабының бастамасымен, Алматы облысы­ның әкімдігі және Алматы облыс­тық “Жасыл ел” штабының ұйым­дастыруымен қызылағаштықтарға көмектесу мақсатында арнайы құрыл­ған жасылелдіктердің құра­ма еңбекші жасағы өз жұмысын 2010 жылдың 15 сәуірінде бастаған болатын. Сол уақыттан бері жасыл­елдік 160 сарбаз Қызылағаш ауылын қалпына келтіру, абаттан­дыру және көгалдандыру жұмыс­тарымен айналысып келеді. Нақ­тырақ айтатын болсақ, олар осы уақытқа дейін 15,5 гектар аумақты алатын саябаққа емен, терек, қайың, қарағаш көшеттерін отыр­ғызды. Жасақшылар “Қап­шағай құрылыс” және “Қапшағай Ин­жиниринг” құрылыс компания­лары­мен бірге 3 тұрғын үй салуға көмектесті. Құрылыс алаңына әке­лінген 34000 дана кірпішті түсіріп, жинау жұмысымен де негізінен осы жастар айналысты. Еселі еңбек етіп жатқан жастар еңбекақы мәселесіне де көп бас ауыр­та қоймайды. Атқарылған жұмыс­қа орай жалақы уақытында төленеді. Олар жұмыс киімі, нәрлі тағам және жатын орынмен де толықтай қамтамасыз етілген. Ауы­­рып-сырқай қалғандарға медициналық жәрдем де уақы­тында көрсетіледі. Ауыл шетіндегі шатырлы қала­шыққа қоныстанған жасақ­шы­лар­дың өнімді еңбек етіп, демалуына барлық жағдай жасалған. Демалыс орнына теледидар, DVD қойылып, Интернет желісі іске қосылған. Сарбаздардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін арнайы мәде­ни-демалыс орталығы жұмыс іс­тей­­ді. Жастар жұмыстан бос уа­қыт­­та газет-журналдар оқиды, шах­мат, дойбы ойнап, сөзжұмбақ шешеді. Кешкі мезгілде шатырдан гитара, домбыра секілді музыка­лық аспаптардың үні де жиі естіледі. Жасылелдік еңбек жасақшы­лары жемісті жұмыстарын алдағы уақытта да жүйелі жалғастырмақ ниетте. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.