Президент • 18 Наурыз, 2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.