Аймақтар • 18 Наурыз, 2024

Жастар саябағының іргетасы қаланды

49 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қасиетті Рамазан айында Түлкібас ауданы, Машат ауылында «Жастар» саябағы салынады. Саябақты аталған ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Бекзат Төреев бастаған, мектеп бітіргендеріне 50 жыл толған, түлектер өз қаржысы есебінен көтермек.

Жастар саябағының іргетасы қаланды

Демалыс орнының қазығын қа­ғу­ға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу бас­қармасының басшысы Қайрат Аб­дуалиев, аудан әкімінің орынба­са­ры Марат Жанесен және ауыл ақ­са­­қалдары қатысып, игі іс-шараға мұ­­рындық болған ел ағаларына ал­ғы­­сын білдірді. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, сәттілік тіледі. Іс-шара барысында саябақтың сәні­не айналар ағаш көшеттері отыр­ғы­зылды. Бүгінде ауыл әкімдігі тара­­пынан 70 соттық жерге құжат­тар­­­ды рәсімдеу жұмыстары аяқ­тал­­ған. Саябақ аумағы толығымен қор­­шалып, абаттандырылып, бір бұ­ры­шы­нан балалар ойын алаңшасы бой кө­тереді. Демалушыларға ар­нал­­­ған орын­дықтар қойылып, түнгі жа­рық­шам­дар орнатылады. Кәсіп­кер­дің айтуынша, саябақ құ­ры­лы­сы­на, шамамен 50 млн теңге қаржы жұм­­салмақ.

Жалпы аудан аумағындағы 15 ауыл­дық округ және кент аумақ­та­рын­да көктемгі ағаш егу акция­ла­ры өтіп жатыр. Ал облыста өткен жы­лы 1 миллионнан аса кө­шет отыр­ғызылды. Соның ішінде Түлкі­бас ауданында 80 мыңға жуық ағаш егілген болатын. Биыл көктем айларында облыс бойынша 500 мыңнан аса көшет отырғызу жоспарланса, Түлкібас ауданының аумағында 32 мың­ға жуық ағаш көшеттері отыр­­ғызылады. Күз айларында бұл жұ­мыс­­тар жалғасып, қосымша 33 мың ағаш көшеттерін отырғызу көз­де­ліп отыр.

Сондай-ақ Наурызнама онкүндігі аясында облыстың барлық қала, аудан­дарында «Сенбілік – таза­лық айнасы» атты акция өтті. Мыса­лы, Түркістанда «Жастар ресурс­тық орталығы» КММ-нің ұйым­дас­­тыруымен өткен акцияға 200-ге­ жуық белсенді қатысып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында таза­лық жұмыстарын жүргізді.

 

Түркістан облысы