Оқиға • 19 Наурыз, 2024

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жықты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Қонаев қаласында бір топ мектеп оқушылары көңіл көтеру үшін жергілікті тұрғынды соққыға жығып, сол сәттерді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды соққыға жықты

фото: Egov.press

Egov.press Telegram арнасында ұрып-соғудың видеосы пайда болды.

Бейнежазбадан бұзақылардың бірі жалғыз отырған азаматқа жақындап оны бірнеше рет тепкілейді. Айта кетейік, видеода жасөспірімдер арасында ұлдармен қатар қыздар да бар.

Аталған факті бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, Қонаев полиция бөліміне жеткізілді.

«Қазір қалалық полиция бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық фактілер бойынша тергеу әрекеттері сараптамалар тағайындау арқылы жүргізіледі. Тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді»,  деп атап өтті Алматы облысының полиция департаменті.