Қазақстан • 19 Наурыз, 2024

Қала мәртебесін ала алатын ауылдар тізімі жарияланды

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі қала мәртебесін ала алатын ауылдарды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала мәртебесін ала алатын ауылдар тізімі жарияланды

Фото: baq.kz

Бүгін, 19 наурызда Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанда 30 мыңнан астам халқы бар ауылдарды атады. Заң бойынша оларға қала мәртебесі берілуі тиіс.

Маңғыстау облысында:

  • Қызылтөбе ауылы – 30 852 адам;
  • Атамекен ауылы – 34 500 адам;
  • Маңғыстау ауылы – 35 604 адам;
  • Басқұдық ауылы – 37 949 адам;
  • Рахат ауылы – 43 731 адам;
  • Бейнеу ауылы – 59 238 адам.

Алматы облысында:

  • Қарғалы ауылы – 30 769 адам;
  • Өтеген батыр ауылы – 35 450 адам;
  • Боралдай ауылы – 37 500 адам;
  • Ұзынағаш ауылы – 43 319 адам.

Қызылорда облысында:

  • Жаңақорған ауылы – 31 368 адам;
  • Шиелі ауылы – 36 745 адам;
  • Әйтеке би ауылы – 45 608 адам.

Түркістан облысында:

  • Манкент ауылы – 32 713 адам;
  • Ақсукент ауылы – 38102 адам;
  • Қарабұлақ ауылы – 53 093 адам.

Жамбыл облысында:

  • Сарыкемер ауылы - 32 962адам;
  • Қордай ауылы - 39 279 адам.