Қоғам • 19 Наурыз, 2024

Алматыда үшем туды

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарулы күштердің Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдау бригадасы ротасының старшинасы 3-сыныпты сержант Сейітжан Асылбековтың отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда үшем туды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Сәбилер Алматы қаласының перинаталдық орталығында дүниеге келді.

Сейітжан мен Минира Асылбековтардың отбасында он бір жасар қызы Диана өсіп келеді. Олар ұзақ уақыт бойы екінші баланың болуын армандаған, бірақ күтпеген жерден үшем дүниеге келді. Ұлдарға Сұңқар және Заңғар, ал қызға – Сырғалым деген есімдер қойылды.  

«Әйелім үшемге жүкті екенін білгенде қатты таң қалдым. Менің де, оның да тұқымдарында егіздер бар, бірақ ешкімде үшем болмаған. Мен бақыттымын. Ішімнен ұл болса екен деп тіледім. Арманым орындалып, бірден екі ұл мен бір қыз өмірге келді. Енді үлкен отбасымның алдында үлкен жауапкершілік арқалағаным сезіліп отыр», деді сержант Сейітжан Асылбеков. 

Сәбилі болған ерлі-зайыптылардың өмірі де түбегейлі өзгерді. Себебі Асылбековтар жатақханадағы бөлмеден кең пәтерге көшуді жоспарлап отыр.