Әскер • 19 Наурыз, 2024

Шыңдалған шеберлік

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қарулы күш­терінің әскери қыз­мет­ші­лері АҚШ-тың Аризона шта­тының Феникс және Флоренс қалаларында өт­кен «Үздік жауынгер-2024»­ жарыс­тарында үздік атанды.

Шыңдалған шеберлік

Фото: halyq-uni.kz

Сержант Мұхиадин Сұмағұл мен 2-сыныпты сержант Орын­­бек Сандыбеков «Үздік жауын­­гер-2024» жарысында бақ сына­ған 40 қатысушының ішіндегі бірден-бір шетелдік болды.

Ұлттық ұланның, Қарулы күштердің және АҚШ-тың басқа да күштік құрылымдары арнайы бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысқан жарыста біздің десантшылар жауын­герлік дайындыққа байланыст­ы бар­лық кезеңдерде үздік нәти­желер көрсетті. Әскери қыз­мет­­шілер М.Сұмағұл мен О.Сандыбеков дене дайындығы, аме­ри­калық үлгідегі атыс қа­руын бөлшектеу, құрастыру, олар­­ды жауынгерлік күйге кел­тіру, тапаншадан, автоматтан және пулеметтен ату жөніндегі нормативтерді сәтті орындады.

Жарыс бағдарламасында, сондай-ақ радиостансаны баптау және байланысқа шығу, түнгі және күндізгі уақытта жергілікті жерді бағдарлау, алғашқы меди­циналық көмек көрсету, жаралыларды алып шығу секілді тапсырмалар да болды.

20 шақырымдық марш ке­зін­­де қолындағы қару-жарақ­пен және 16 кило­грамдық затпен 35-гвар­­диялық десанттық-шабуыл­дау бригадасының сержан­ты М.Сұма­ғұл бір сағат 59 минут­та ме­желі қашықтықты еңсеріп, жеңіс­ке жетті.

– Жарысты ұйымдас­ты­ру­­­шылар байқау тарихында­ мұн­дай жағдай әлі болған жоқ деп мәлімдеді. Біздің десант­шы­мыз­дың жетістігін аты аңызға айнал­ған кениялық жүгіруші Олим­пиада чемпио­ны Элиуд Кипчо­генің рекордымен салыс­тырды, – деп нақтылады Қазақ­стан Қарулы күштерінің Бас сер­жанты, сержант Темірбек Халықов.

2-сыныпты сержант О.Сан­ды­­­беков те жауынгерлік да­йын­дық пәндерінде үздік нәти­же­ге жетіп, маршта екінші орын­­­нан көрінді.