Аймақтар • 20 Наурыз, 2024

Қазығұрттағы құптарлық іс

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әз Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы ел арасында түрлі дәлел-дәйек айтылып келе жат­қаны мәлім. Ал қазы­ғұрт­тықтар «Наурыз Қазы­ғұрттан бастау алады» де­генге сенеді. Дәл осы тақы­рыпта ауданда Ұлыстың ұлы күніне арналған үлкен мерекелік іс-шара өтті.

Қазығұрттағы құптарлық іс

Мерекелік іс-шарада Алты­бақан құрылып, спорттың бір­неше түрінен сайыс, көр­ме, Қазығұрт туралы аңыз­ды бейнелейтін сахналық қойы­­лымдар мен ән шашу ұйым­дастырылды. Сонымен қатар келген қонақтарға дәм таратылып, ұлттық дәстүрге сай киіз үйлер тігілді. Мерекелік концертке «Шаншар» әзіл-сықақ театры, әнші Жандос Қаржаубай және Өзбекстан мемлекетінен цирк өнерпаздары арнайы ша­қырылды. Барлығы халық көңілінен шығып, жиналған жұрт сахна сыйына тәнті болды. Мереке барысында ақ жаулықты аналар мен әжелер шашу шашып, данагөй ақсақалдарымыз ақ батасын берді. Аудан әкімі А.Исмайлов мерекеге жиналған жұртты құттықтап, еліміздің аман­дығын, тыныштығын, әр отбасына бақыт, қуаныш, жақсы күндер тіледі.

пар

Түркістан облысында «Нау­­рыз – жаңару мен жаң­ғырудың, татулықтың бас­тауы» күні аясын­да ағаш егу жұ­мыстары қар­қынды жүр­гізілгенін ай­та кетелік. Бұл күні облыс бойын­ша 80 мыңға жуық көшет егілді. Облысқа қарасты 17 аудан, қаланың саябақтары мен гүлзарларға, со­нымен бірге елді мекендерді қосатын жол бойлары, мектептер мен орталық көшелерге отыр­ғызылған ағаш­­тардың ба­сым бөлігі – терек, қарағаш, үйең­кі, арша, сирия­лық рау­шан, шаған сынды жер­гі­лікті кли­матқа бейімделген. Мыса­лы, Мақ­таарал ауданында 5 550 түп көшет егілсе, оның 4 500-і – қарағаш, 200-і – сирия рау­шаны, 250-і – сабын ағашы және 600-і легуструм.

 

Түркістан облысы