Елорда • 21 Наурыз, 2024

Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Наурыз мейрамы орталық саябақта алғаш рет тойланып жатыр. Мереке халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Іс-шараға көрші елдердің аспаздарымен қатар Тәжікстан мен Иран елшіліктері де қатысты. Олар киіз үйлерін тігіп, онда өз мәдениеттерінде Наурыз мерекесінің тойлануының айырмашылықтары туралы әңгімелеп, дәстүрлі тағамдармен дәм таттырды.

В

Саябақтың аллеясында тазы мен батырлар шеруі өтіп, домбырашылар әйгілі халық әндерін орындап, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік шараға елордалық «Барыс» клубының хоккейшілері мен клубтың бойтұмары «Барсик» келді. Мұнда олар жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба беріп, естелік суретке түседі.

Орталық саябақта көктемнің басты мерекесі екі күн бойы тойланады. 22 наурыз күні де сағат 13:00-де концерттік бағдарлама өтіп, ұлттық тағамдар әзірленеді.