Қылмыс • 23 Наурыз, 2024

Қырғыз елінің басшылығына қастандық жасамақ болған қылмыстық топ ұсталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БІШКЕК. KAZINFORM - Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚК) Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлады Egemen.kz Кабар сайтына сілтеме жасап. 

Қырғыз елінің басшылығына қастандық жасамақ болған қылмыстық топ ұсталды

Тараған мәліметке қарағанда, шетел азаматтары мен мемлекетаралық іздеуде болуы мүмкін тұлғалардың арасынан ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шараларды ұйымдастыру барысында трансұлттық ұйымның мүшелері - Әзірбайжанның 5 азаматы анықталды.

Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының назарына түскен қылмыстық топ: Алиев В.М., Багиров С.А., Асгаров М.О., Бехбудрв М.С. Ал Мамедов З.И.

Алынған жедел дерекке сенсек, қылмыс әлемінде "қаңғыбас" деген лақап атымен белгілі М. О. Асгаров қылмыстық ортаны нығайту және ұрылар идеологиясын тарату, сондай-ақ өзінің мәртебесін арттыру мақсатында мемлекет жүргізіп жатқан ОПГ-ға қарсы белсенді күрес саясатына байланысты ел басшылығына қастандық жасау үшін серіктестерімен қырғыз аумағына келген.

Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 2024 жылғы 22 наурызда жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы ұсталды.

Қазіргі уақытта оларды Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10