Оқиға • 24 Наурыз, 2024

15 жастағы мектеп оқушысы Крокуста жүзден астам адамды аман алып қалды

3837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында болған теракт кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы Ислам жүзден астам адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

15 жастағы мектеп оқушысы Крокуста жүзден астам адамды аман алып қалды

Фото: t.me/Mash

«Комсомольская правда» газетінің жазуынша, сегізінші сынып оқушысы орталықтың гардеробында жұмыс істеп, табыс тауып жүрген.

Исламның айтуынша, ол адамдарды ғимараттан жарты сағаттай уақыт ішінде алып шыққан.

«Дәл 23:00-де атыс естілді. Мен бірден адамдарды шығаруға жүгірдім. Біз қосалқы есіктің қайда орналасқанын білеміз. Мен кетсем, жүздеген адам өлетінін түсіндім. Қолымнан келгенше барлығына көмектестім, өзімді батыр деп санамаймын», деді Ислам «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Лаңкестік әрекет пен соның салдарынан болған өрт кезінде Ислам жұртшылыққа жол көрсетіп, бағыт-бағдар берді. Көпшіліктің дәретханаға қарай тығырыққа тірелгенін байқаған жасөспірім эвакуация жүргізуді өз қолына алған. Ол адамдарды тар өткелден Экспо аумағына, одан әрі кеңсе ғимараты арқылы көшеге – қауіпсіз жерге шығара алды.

Ол бос уақытында гардеробта жұмыс істейді және футболдан «Спартак» балалар командасында ойнайды.

Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залына жасалған шабуылдан 133 адам қаза болды, 140 адам жарақат алды.

Осыған дейін 11 күдікті ұсталғаны, оның ішінде төртеуі шабуылға тікелей қатысы бары хабарланды.