Оқиға • 25 Наурыз, 2024

Қонаев қаласында бойжеткенді жауыздықпен өлтірген екі күдікті ұсталды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

NeMolchiKZ қоры 18 жасар бойжеткеннің жауыздықпен өлтірілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қонаев қаласында бойжеткенді жауыздықпен өлтірген екі күдікті ұсталды

Фото: depositphotos.com

Қорға марқұмның әпкесі жазған. Ол сіңлісінің 18-21 жас аралығындағы Қонаев қаласының тұрғындарының қолынан қайтыс болғанынын мәлімдеген.

18 жасар Жаннұр олардың бірімен 7 наурыз күні танысқан.

«Ол шамамен 14-15 наурыз аралығында қатігездікпен өлтірілген. Олар Жаннұрды қаладан алысқа алып кетіп,  оның телефон нөмірі арқылы несие алған. Аяусыз ұрып, айдалада Бақанас маңында мәйітін қалдырып кеткен. Туыстарына мәйіттің 21 наурызда табылғаны хабарланды», делінген NeMolchiKZ қоры таратқан хабарламада.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас қызды өлтірді деген күдіктілер ұсталды. Кісі өлтіру туралы дерек полицияға 21 наурызда түскен.

«Бұл ақпаратты біз бірден тексердік, 2006 жылы туған қызды өлтіру фактісі расталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша Қонаев қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі азаматты анықтап, ұстады. Тергеу барысында күдіктілер наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Қонаев қаласындағы қаңырап бос жатқан жерде жас қызды өлтірген. Күдіктілердің екеуі қолға түсті», деді облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.