Экономика • 26 Наурыз, 2024

Қызметкерлеріне жалақы төлемеген басшы айыппұл арқалады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура Алматы облысында еңбек заңнамасын сақтау мәселесін тексеру барысында қаңтар айында 1043 қызметкерге жалақы төлемеген басшыны анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қызметкерлеріне жалақы төлемеген басшы айыппұл арқалады

Фото: massaget.kz

Қызметтік тексеру барысында Алматы облысы бойынша «Ветеринариялық станция» ПВХ МКК осы жылдың қаңтар айында 1043 қызметкерге жалпы сомасы 223 млн теңге жалақыны төлемегені анықталды.

«Прокуратураның қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді. Жоғарыда аталған ұйымның басшысы ҚР ӘҚБтК 87-бабы бойынша 150 АЕК (553 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Сонымен қатар құзырлы орган жалақыны уақтылы төлемеген жағдайда заңнамада әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 87-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 152-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделгенін еске салды.