Футбол • 26 Наурыз, 2024

Люксембург - Қазақстан матчтын қай жерден көруге болады?

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Люксембург құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Люксембург - Қазақстан матчтын қай жерден көруге болады?

Фото: KFF

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық құрама Грекиядан 0:5 есебімен ұтылып, Еуропа чемпионатына жолдама алу мүмкіндігінен айырылған еді. 

«Бәріміз үшін Грекиямен ойынның нәтижесі апатты болды. Бірақ жүрегіміз соғып тұр, сондықтан біз алға жылжуымыз керек. Біз Грекиядағы сәтсіздікті ұмытып, команданың игілігі үшін жолымызды жалғастыруымыз керек», деді ұлттық құраманың жаттықтырушысы Магомед Адиев.

Люксембургке қарсы ойын «Стад де Люксембург» стадионында өтеді. Жолдастық кездесудің басталуы Қазақстан уақыты бойынша 27 наурыз 00:45-ке жоспарланған.

Матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция арнаның сайтында да қолжетімді болады.