Тағайындау • 26 Наурыз, 2024

Бірқатар елде Қазақстан елшілері тағайындалды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірқатар елде Қазақстан елшілері тағайындалды

Фото: akorda.kz

Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.