Футбол • 27 Наурыз, 2024

«Кетуге дайынмын». Магомед Адиев Қазақстан құрамасына жаңа бапкер керек екенін айтты

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамадағы қызметінен кету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кетуге дайынмын». Магомед Адиев Қазақстан құрамасына жаңа бапкер керек екенін айтты

Фото: ҚФФ

Бұған дейін еліміздің футболшылары жолдастық кездесуде Люксембург құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бас бапкер командаға жаңа бапкер көмектесе алады деп есептейді.

«Алда қиын жол күтіп тұрғанын білемін. Біздің активтеріміз төмендеп жатыр. Десек те біз қайта іске келуіміз керек немесе бізге белгілі бір кезеңге құраманы бір сілкіндіретін жаңа жаттықтырушы керек. Бірақ жаңа бапкер келешекте жағдайды бастан аяқ дұрыстайды деп ойламаймын, бұл жерде біз бірнеше жылға ұлттық құраманы түбегейлі қайта дайындап, оны әлем чемпионатына іріктеуге дайындауымыз керек. Федерацияға жаңа тұлғалар мен жаңа идеялар қажет. Мен батып бара жатқан кемеден ешқашан қашып көрген емеспін, бірақ, екінші жағынан, мен ешқашан өз орнымды ұстаған емеспін. Қандай жағдай болса да абыроймен қабылдаймын. Егер олар маған есіктің тұсын көрсетсе мен кетемін», деді М.Адиев. 

Айта кетейік, Магомед Адиевтің бапкерлігімен Қазақстан құрамасы Еуроға іріктеуде өз тарихындағы ең жақсы нәтиже көрсетіп, Ұлттар лигасының С дивизионында топ жарған болатын. Бірақ шешуші матчтарда Словения мен Грекиядан жеңіліп қалған ұлттық құрама Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады.