Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады

100 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады

Фото: А.Байжұманов

Комитет төрағасы Әли Бектаев Экологиялық кодекстің 2021 жылы қабылданғанын атап өтті. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы атқарылған ауқымды істер нәтижесінде құжатта үздік халықаралық тәжірибеге негізделген стратегиялық ережелер топтамасы бекітілген.

«Экологиялық кодекстің негізгі мақсатының бірі – қоршаған ортаға теріс әсерді азайту. Ол үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық жағынан жаңғырту көзделген. Солардың бірі – ең жақсы қолжетімді техниканы бірте-бірте енгізу және жасыл инвестицияларды қолдау тәсілдері қарастырылған. Кодексте бұл нормалардың іске асырылуы кезең-кезеңмен бекітілген», деді Әли Бектаев.

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошурбаев өз кезегінде Экологиялық кодекс қазіргі заманғы экологиялық саясат бағытындағы маңызды қадам екенін және қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту мен экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ұмтылыстың ажырамас бөлігі ретінде жасыл технологияны енгізу тетіктерін көздейтінін атап өтті. Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мен экологиялық жағдайды жақсартудың тиімді құралы – ең жақсы қолжетімді технологияны енгізу.

Іс-шараға Экология, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрліктерінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкінің, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері және осы саланың сарапшылары қатысты.