Сенат • 27 Наурыз, 2024

Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады

Фото: А.Байжұманов

С.Алдашевтің айтуынша комитет дөңгелек үстелге дайындық шеңберінде 10 жұмыс отырысын өткізген, бірқатар проблемалық мәселе анықталған, осы кездесуде оларды шешудің нақты жолдары, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу де егжей-тегжейлі талқыланбақ.

Сенатор Шәкәрім Бұқтығұтов өз кезегінде әртараптандырылған экономика құру мәселесіне тоқталды. Ол 2021 жылы «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң аясында технологиялық саясатты қалыптастыруға бағытталған бірқатар заңнамалық норма қабылданғанын атап өтті.  Алайда сенатордың пікірінше, оларды іске асыру инновацияны дамытуда айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

«Әлі күнге дейін инновация ұғымы мен оның құрамдас бөліктері туралы түсінік аз. Инновацияны қалай дамыту керектігі туралы өнеркәсіпте де, университетте де, мемлекеттік секторда да нақты түсінік жоқ. Іске асып жатқан инновациялық жобалардың өндірістік кәсіпорындар мен экономиканың нақты секторының қажеттілігінен алшақтығы инновациялық жүйені қалыптастыру жолындағы елеулі кедергі болып отыр», деді сенатор.

Дөңгелек үстел барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ғылым және жоғары білім, энергетика министрліктерінің, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қорының және «Инновациялық технологиялар паркі» қорының өкілдері де баяндама жасады.                                                                                     

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03