Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Аңдатпа: Бальзактар мен Мопассандар

32 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

3 сәуірде Ұлттық академиялық кітапханада франкофон ті­лін­дегі әдебиет бұрышының ашылуы өтеді.

Аңдатпа: Бальзактар мен Мопассандар

Француз әдебиеті бүкіл Еуропаның интеллектуалды және көркемдік дамуында басты орын алғаны баршаға аян. Әдеби бұрышқа сол талай оқырманның жанын жылытқан, таңғалдырып, тамсандырған әлемге әйгілі француз шығармалары қойылады. Ал ашылу рәсіміне француз елшілігінің өкілдері мен Француз альянсы қатыспақ.

 

Шырқайды бұлбұл

5 сәуір күні КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығы аясында «Ән әлемінің бұлбұлы» атты моноконцерт өтеді.

Ән кешінде Жамбыл облыстық фи­лар­мониясының әншісі, Мәдениет сала­сының үздігі Әсел Уашева Бибігүл Ахмет­қызының репертуарындағы «Көктем валь­сі», «Гауһартас», «Мама» секілді өзге де бірнеше әнді орындайды. Сондай-ақ моноконцертте Бахром Муминов, Диас Әбілеков бастаған әншілер де өнер көрсетеді. Моно­концерт филармонияның ютуб арнасы арқылы көпшілік назарына ұсынылмақ.

 

Сәуірдегі сыйлықтар

Алдағы бір ай бойы «Астана опера» театрының К.Бай­сейітова атындағы Каме­ралық залында Франция мен Қа­­зақстанның орындаушылары өнер көрсетеді. Сәуірге арналған бағдарламаны «Ас­тана опера» оркестрінің бі­рінші скрипкасы, Қазақ­стан­ның еңбек сіңір­ген қай­раткері Бағдат Әбіл­хановтың жаңа жобасы – «Музыкалық альянс» камералық кештер топтамасы ашады.

2 сәуірде И.С.Бах, В.А.Моцарт, А.Каза­дезюс, Й.Бенда мен басқа да компо­зитор­лардың туындылары театрдың Каме­ралық оркестрінің, сондай-ақ скрипкашылар Бағдат Әбілханов, Әсем Жақпарова, Балнұр Құдайберген және альтшы Олеся Морозованың орындауында шырқалады. «Музыкалық альянс» топтамасының екінші концерті 25 сәуірде өтеді. Тыңдармандарға Е.Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, К.Күмісбеков, М.Сағатов, А.Тоқсанбаевтың шығармалары мен халық күйлерінің заманауи өңдеулері ұсынылады.

 

Кино көр де, «Алқаға» кел

6 сәуірде Ұлттық академиялық кітапханада «Алқа» әдеби-мә­дени клубының кезекті отырысы өтеді. Тақырып – режиссер Фрэнк Дарабонттың «Жасыл миль» фильмін талдау.

Ойталқыға қаламгерлер мен клуб мүшелері, кітапхана оқырмандары қаты­сады. Аталған кинотуындыны көрген болсаңыз, клубтың отырысына барып, ой-пікіріңізбен бөліссеңіз болады.