Аймақтар • 27 Наурыз, 2024

«Qarzhymen» комиксі

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Әсия Бралина, Айшат Темірбаева, Дана Көптілеуова және Мерейлі Қараш қар­жылық сауаттың маңызын түсіндіретін «Qarzhymen» комиксін әзірледі.

«Qarzhymen» комиксі

Өнертапқыштар оқыр­ман­дарға түрлі қаржылық қиын­дыққа тап болған және оны шешуге көмектескен кейіпкер­лер арқылы қаржылық сауатсыз­дық деңгейін азайтуды көздейді. Бұл бастама авторлық құқық­қа ие болып, «Infomatrix» ха­лықаралық байқауының финалына өтті.

– Біздің елімізде қаржы­лық сауат деңгейі қандай еке­ні белгілі. 2021 жылғы индекс бойынша ол 39,52 пайызды құ­рады, бұл дамыған елдердің орташа деңгейінен едәуір төмен. Біз қаржылық сауатсыздықпен күресуді мектептен бастау керек деп санаймыз. Сондықтан сауатты болудың маңызын осы комикстер арқылы насихаттап отырмыз, – дейді жоба авторлары.

«Qarzhymen» комиксі жеті тараудан тұрады. Жобаны әзір­леуге оқушылар бір жылға жуық уақыт жұмсаған. Әсия мен Айшат комикс авторы болса, Дана мәтін мен редактор­лық жұмысты істеген, ал Ме­рейлі – веб-дизайнер. Олар ен­ді оны қазақ және ағылшын ті­лі­не аударып, комикстерді, бей­нероликтерді, ойындарды және қаржылық сауат туралы интерактивті сабақтарды біріктіретін мультимедиялық плат­форма құру арқылы жобаны кеңейтуді жоспарлаған.

Жоба ЮНЕСКО тарапынан да қолдау тапқан. Оқушылар комиксті елімізде, әсіресе білім беру ресурстары қолжетімсіз шалғай аудандардағы жастар арасында таратуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар авторлар мектеп бағдарламасына комикстерді енгізу және қар­жылық сауат бойынша білім беру іс-шарасын тек елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де кеңейту үшін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар­мен жұмыс істеуді мақсат етіп отыр.