Әлем • 28 Наурыз, 2024

Нобель сыйлығының иегері Даниель Канеман көз жұмды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мінез-құлық экономикасының негізін салушылардың бірі Даниэль Канеман 90 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның асырап алған қызы Дебора Трейсман журналистерді құлағдар еткен. Ол оқиғаның мән-жайын нақтыламаған екен, деп жазады Egemen.kz.

Нобель сыйлығының иегері Даниель Канеман көз жұмды

Фото: news.israelinfo

Даниэль Канеман 1934 жылы Тель-Авив (Израиль) қаласында дүниеге келген. 50-жылдардың соңында ол АҚШ-қа көшіп, Калифорния университетінде докторлық дәрежесін қорғаған.

Ол өзінің саналы ғұмырында адамның мінез-құлқын басқаратын факторларға қызығушылық танытты. 1973 жылы психология бойынша алғашқы кітабын шығарған. Кейініректе оның кітаптары Еуропаның бірнеше тілдеріне аударылды.

Орыс тілді оқырмандар Даниэль Канеманның кітаптарымен 2005 жылдан бастап таныса бастады.

Оның кең таралған ең белгілі кітаптары: «Назар аудару және күш салу», «Белгісіздікте шешім қабылдау: Ережелер мен алдын ала болжамдар», «Баяу ойла... тез шешім қабылда».