Фото: kris_p_almaty
«Төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен құралдары жоғары әзірлік жағдайында күшейтілген кезекшілік түріне ауыстырылды, жедел топ жұмыс істеп жатыр», делінген мекеме таратқан хабарламада.
ТЖД ертең Алматы қаласында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, қатты жел соғатынын ескертті.
«Сіздерден жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды және тауға барудан бас тартуды қатаң түрде ескертеміз. Сақ болыңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Дауылды ескерту хабарланса, тауға баруды ауа райы жақсарғанша кейінге қалдырған дұрыс», деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Қалалық ТЖД шаңды дауыл кезінде ғимараттарға зақым келмегенін қоса мәлімдеді.